Дональд Трамптың тариф саясаты Швейцарияның экономикасына оң әсер етті, деп хабарлайды 24kz.
Мұны Bloomberg агенттігі хабарлады. Сәуір айында елдегі жылдық инфляция 0% болған. Яғни, өткен айда Швейцарияда ешбір тауардың бағасы өспеген. Керісінше, дүкен сөрелеріндегі кейбір заттардың құны арзандаған. Бұған швейцариялық франк бағамының нығаюы себеп. Ақ үй басшысы импорттық тауарларға баж салығын көтергеннен кейін Америка доллары құнын жоғалта бастады. Есесіне Швейцарияның ұлттық валютасы күшейіп келеді. Инвесторлар АҚШ экономикасы рецессияға ұшыраған жағдайда швейцариялық франкті сенімді актив ретінде қолдануға болатынын айтады.
Тегтер #Дональд Трамп #тариф саясаты #Швейцария #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz