RU
Толық нұсқаға өту

Қытайлық компаниялар Трамптың баж салығынан құтылу үшін қитұрқы әрекетке көшті

06.05.2025, 23:25 391

Қытайлық компаниялар Дональд Трамптың баж салығынан құтылу үшін қитұрқы әрекетке көшті, деп хабарлайды 24kz.

Олар тауарларын АҚШ-қа үшінші елдер арқылы жеткізеді. Яғни, өндіруші ел ретінде Қытай емес, басқа мемлекетті жазады. Бұл туралы халықаралық Financial Times басылымы хабарлады. Заңсыз жұмыс істейтін делдалдар қытайлық тауарды қайта орап, таңбасын өзгертіп, жалған сертификат рәсімдейді. Газеттің дерегі бойынша бұл елдердің қатарында Малайзия, Вьетнам, Таиланд және Оңтүстік Корея бар. Сарапшылар мұны АҚШ билігі әшкере етсе, оларға жанама санкциялар салуы мүмкін деп есептейді.

Еске салайық, Ақ үй басшысы Қытай тауарларына 145% тариф енгізген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz