RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Газадағы босқындар лагерін атқылады

07.05.2025, 13:40 414

Израиль әскері Газа секторындағы босқындар лагерін атқылап, 20 адам қаза тапты. Тағы ондаған палестиналық зардап шекті.

Израиль қарулы күштерінің айтуынша, ХАМАС бейбіт халықты «тірі қалқан» ретінде пайдаланып отыр. Өйткені тұрғындар қоныстанған шатырдың астында палестиналық топтың қару-жарақ қоймасы мен командалық орталығы болған. Өткен аптада Израиль Газадағы әскери операциясын кеңейтіп, ХАМАС пен олардың әскери инфрақұрылымын толық жоюды көздеп отырғанын мәлімдеді. Еврей елі билігінің айтуынша, қазір аймақта 59 израильдік тұтқын бар, бірақ олардың тек 24-і тірі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz