Ауғанстанда 45 жылдан кейін жалпыұлттық халық санағы жүргізіледі. Премьер-министрі Мохаммад Хасан Ахуандтың айтуынша, санақ елдің нақты демографиялық бейнесін анықтау және әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды құру үшін қажет. Десе де науқанның өтетін күні әзірге белгісіз.
Елде соңғы халық санағы 1979 жылы өткен. Бірақ ол кезде өңірлердің 67% ғана қамтылған. Содан бері халық санағының жүргізілмеуіне қарулы қақтығыстар мен саяси алауыздық кедергі болған. БҰҰ-ның дерегі бойынша қазір Ауғанстанда 40 миллионнан аса адам тұруы мүмкін. Сарапшылар: «Халық санағы денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым сияқты негізгі салаларды тиімді жоспарлау үшін аса маңызды», – дейді.
Тегтер #Ауғанстан #халық саны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz