RU
Толық нұсқаға өту

Үндістан нақты қандай нысаналарға соққы жасағанын айтты

07.05.2025, 19:19 509

Пәкістандағы Үндістанның әуе шабуылынан 70 лаңкестің көзі жойылды.

Мұны үндістандық Эн-Ди-Ти-Ви ((NDTV)) телеарнасы хабарлады. Ресми Нью-Дели тек содырлардың инфрақұрылымдарына соққы жасағынын мәлімдеді. Пәкістанның бірде-бір әскери нысандарына тиген жоқпыз, дейді. Ал ресми Исламабад Үндістан бірнеше қаланы бомбалады деп отыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құраладарының дерегі бойынша шабуылдан 26 бейбіт тұрғын өлім құшты. Сондықтан Пәкістан бес қаруын сайлап, қарымта жауап бермек. Алайда Үндістан кері шегінсе, райынан қайтуға даяр. Айта кетейік, ядролық екі державаның арасындағы қарым-қатынас екі апта бұрын шиеленісті. Нью-Дели Исламабад Кашмирде туристерді мерт қылған лаңкестерге қатысы бар деп айыптап отыр. Пәкістан мұны жоққа шығарды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz