RU
Толық нұсқаға өту

Ватиканда Рим папасын сайлау рәсімі өтеді

07.05.2025, 19:28 594

Бүгін жаңа Рим папасын сайлау рәсімі өтеді. 

Ватиканға 133 кардинал барды. Олар конклав, яғни жабық жиын алдында өтетін таңғы дұға оқуға қатысты. Дауыс беру Астана уақытымен кешкі 19:30-да басталуы керек. Конклав үміткерлердің біреуі жеткілікті дауыс жинамайынша жалғасады. Қазір Ватиканда қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді. Дауыс берудің құпиялығын қамтамасыз ету үшін ұялы байланыс өшірілді. Айта кетейік, жаңа понтификтің сайланғанын тұрғындар Сикстин капелласының мұржасынан шыққан ақ түтіннен біледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz