Үндістан Пәкістанның әуе шабуылынан қауіптенеді, деп хабарлайды 24kz.
Елде азаматтық қорғаныс бойынша ауқымды жаттығу өтті.
Hindustan Time басылымының ақпараты бойынша басты мақсат – тұрғындардың төтенше жағдайға әзірлігін пысықтау. Дайындық іс-шарасына студенттер, дәрігерлер, мұғалімдер мен қауіпсіздік саласының қызметкерлері қатысты. Әуе шабуылы кезінде электр қуатының өшуі, өрт және тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру секілді жағдайда қалай әрекет етудің жолдары пысықталды. Өйткені кеше Үндістан әуе күштері Кашмирдің Пәкістанға қарасты аумағын атқылаған. Бұған Исламабад қарымта жауап беретінін мәлімдеді.
Тегтер #Үндістан #төтенше жағдай #Пәкістан #азаматтық қорғаныс #жаттығуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz