RU
Толық нұсқаға өту

Үндістанда дүлей дауылдан 17 адам опат болды

08.05.2025, 08:11 727

Үндістанның батысында дүлей дауыл соқты, деп хабарлайды 24kz.

17 адам опат болды. Тағы 16-сы жарақат алған. Әсіресе, Гуджарат штатының тұрғындарын әбігерге түсті. Төпелеп жауған жаңбыр мен бұршақтан кейін бүлінген ғимарат көп. Ағаштар құлап, электр желілері үзілген. Гуджаратта негізінен мақта, зира және күріш өндіреді. Шаруалар қыруар шығынға баттық деп отыр. Ал, жергілікті метеоролгтар күн райы алдағы күндері тағы бұзылуы мүмкін деп ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz