RU
Толық нұсқаға өту

Үндістанда 15 бейбіт тұрғын қаза тапты

08.05.2025, 15:24 552

Пәкістан әскерінің атқылауынан Үндістанда 15 адам көз жұмып, 60-қа жуығы жараланған, деп хабарлайды 24kz.

Олар шекаралас Джамму және Кашмир өңірінің бейбіт тұрғындары. Ресми Нью-Дели осындай деректерді келтіріп отыр. Ал Пәкістан билігі көрші ел әскерінің шабуылынан 31 адамның қайтыс болып, 50-ге жуығы жараланғанын хабарлады. 7 мамырға қараған түні Үндістан «Синдур» операциясын бастап, көрші елдің 9 нысанын зымыранмен соққылады.

Блиц 1:

- Пәкістан әскері түнгі 2:30-да біздің аймақты атқылады. Біз қашып құтылдық. Үйім өртеніп кетті. Жарылыс дыбыстары естілді. Ұлымыз екеуіміз жарақат алдық.

Блиц 2:

- Түнде 14-15 жарылыс болды. Балалар мен қарт кісілер қорқып, жан-жаққа қашты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz