RU
Толық нұсқаға өту

СNN: Үндістан мен Пәкістан әуе күштері қиян-кескі шайқас жүргізді

08.05.2025, 17:30 459

Үндістан мен Пәкістанның әуе күштері шекарада қиян-кескі шайқас жүргізді. CNN телеаранасының хабарлауынша, оған екі жақтан бас-аяғы 125 жойғыш ұшақ қатысқан. Бірақ екі жақ бір-бірінің әуе кеңістігіне кірмей, 160 шақырымдай қашықтықтан соғысқан.

Пәкістан Үндістанның 5 жойғыш ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді. Нью-Дели бұл ақпарды растаған жоқ. Ұрыс бір сағатқа созылған. CNN ұшақтардың шекараны кесіп өтпей, алыстан шайқасуын 2019 жылғы оқиғамен байланыстырады. Ол кезде Пәкістан үнді жойғыш ұшағын атып түсіріп, ұшқышын қайтармас бұрын телеарнадан көрсетіп масқаралаған еді. «Бұл жолы тараптар сондай жағдайдың қайталанбауына күш салса керек», – деп топшылайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz