Германия бүгіннен бастап шекарадағы бақылауды күшейтіп, баспана сұрап келгендердің елге кіруіне шектеу қойды. Бұрын ондай азаматтар сауал жолдап, тексеру аяқталғанға шейін неміс елінде жүре беретін. Бірақ жақында билік өзгеріп, жаңа ішкі істер министрі келе салысымен, бірден ережені өзгертті. Шекараға қосымша 3 мың жауынгер жіберіліп, әскерилер саны ұлғайтылды.
Былтыр Германияда баспана сұрау туралы 237 мың сауал түскен. Бұл Еуроодақ бойынша ең үлкен көрсетіш. Жергілікті биліктің хабарлауынша, елде былтыр жасалған әрбір оныншы қылмысқа мигранттардың қатысы болған.
Тегтер #Германия #мигранттар #баспана #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz