Жаңа Рим папасының сайлануы туралы хабарды әлем жұртшылығы қуанышпен қабылдады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ватикандағы тарихи оқиғаны АҚШ үшін зор құрмет деп атады. Рим-католик шіркеуінің 267-папасы болып сайланған кардинал Роберт Фрэнсис Прево АҚШ-тың Чикаго қаласында дүниеге келген. Осылайша католик шіркеуінің екі мың жылдық тарихында америкалық азамат тұңғыш рет понтифик лауазымына көтерілді.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
- Бұл еліміз үшін зор құрмет әрі үлкен абырой. Хабарды естігенде қатты қуандық. Бұл расымен тарихи оқиға.
Э. Альбанезе: Жаңа Рим папасының сайлануы әлем үшін тарихи сәт
69 жастағы Прево бұған дейін Перуде миссионерлік қызмет атқарып, Чиклайо қаласында епископ болған. Ал, кейінгі жылдары Ватикандағы епископтар ісі жөніндегі Дикастерияны басқарды. Оның "Лев 14-ші" есімін алуын Австралия премьер-министрі Энтони Альбанезе әлем үшін тарихи оқиға деп баға берді.
Энтони Альбанезе, Австралия премьер-министрі:
Бұл сәт төрткүл дүниеге қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Жаңа Рим папасының жолы мына әлем мен адамзатқа әділдік мен бейбітшіліктің жаршысы болғай!
Тегтер #Трамп #Рим Папасы #XIV Лев #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz