RU
Толық нұсқаға өту

Қызыл алаңда жеңістің 80 жылдығына арналған парад өтті

09.05.2025, 14:00 1074

Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңістің 80 жылдығына арналған парад өтті. 

Парадқа Ресей қорғаныс министрлігінің 11 жарым мыңнан аса әскери қызметкері мен Федералды қауіпсіздік қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Росгвардия қарулы күштері қатысты. Сондай-ақ Қызыл алаңда 13 елдің әскерилері салтанатты сап түзеп өтті. Атап айтқанда, Әзербайжан, Вьетнам, Беларусь, Египет, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан бар. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Жеңістің 80 жылдығына арналған шараларға отызға жуық шетелдік көшбасшылар қатысқанын хабарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz