Украина парламенті АҚШ-пен пайдалы қазбалар бойынша келісімді мақұлдады, деп хабарлайды 24kz.
Құжатты 338 депутат бір ауыздан қолдады. Келісімде сирек минералды ресурстарды бірлесіп өндіру, сондай-ақ Украинаны қалпына келтіруге бағытталған арнайы қор құру қарастырылған. Ол іске қосылуы үшін Құрама Штаттар жарна төлеуі қажет. Қор 10 жыл жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.
Тарас Качка, Украина экономика министрінің орынбасары:
- Басқа құқықтық құжаттар секілді, бұл келісімді де Вена конвенциясының халықаралық шарттарына сай, кез келген уақытта күшін жоюға болады. Бірақ біздің мақсатымыз басқа. Украина АҚШ-пен ұзақ мерзімді, сенімді әріптестік орнатуға мүдделі.
Тегтер #Украина #АҚШ #пайдалы қазба #келісімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz