Нью-Делиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Көшелерді күзететін полицейлер саны арттырылды. Метро, сауда орталықтары, базаралар мен қонақ үйлерде тәртіп сақшылары көптеп жүр. Қалаға кіретін көліктердің барлығы тексеруден өтеді.
Бұдан бөлек, медициналық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығы пысықталып жатыр. Мемлекеттік қызметкерлерге демалыс алуға тыйым салынған. 22 сәуірде шекаралас аймақта туристерге жасалған шабуылдан кейін Үндістанның Пәкістанмен арадағы ахуалы ушығып кетті. Тараптар бір-бірін зымыран және дрондармен атқылады.
Тегтер #Нью Дели #қауіпсіздік шаралары #Үндістан Пәкістан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz