RU
Толық нұсқаға өту

Мексикада қызылша ауруы өршіп барады

10.05.2025, 10:10 433

Мексиканың АҚШ-пен шекаралас Чиуауа штатында қызылша жұқтырғандар саны бір мың адамға жуықтады. Жұпалы дерттен бір науқас көз жұмды.

Мұнда наурыздан бері ауру өршіп тұр. Марқұм кеселді АҚШ-тың Техас штатына барғанда жұқтырып алған. Бұл аймақта да қызылшамен ауырып жатқандар өте көп. Мамандар індеттің өршуін діни қауымдастықтармен байланыстырып отыр. Өйткені олардың өкілдері түрлі ауруларға қарсы вакцина салдырудан бас тартады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz