RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп Қытай тауарларына баж салығын төмендетуді ұсынды

10.05.2025, 14:00 663

Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығын азайтуға қарсы емес. Ақ үй басшысы Швейцарияда өтетін екіжақты келіссөздер қарсаңында осындай ниеті бар екенін аңғартты. Ол Қытайға енгізілген тарифтерді 145%-тен 80%-ке дейін төмендетуді ұсынып отыр.

The Guardian басылымының ақпараты бойынша тараптар осы демалыс күндері кездеседі. Құрама Штаттар делегациясын қаржы министрі Скотт Бессент мен сауда бойынша өкілі Джеймисон Грир бастап барса, Қытайдан басқосуға үкімет басшысының орынбасары Хэ Лифэн қатысады. Сарапшылар: «Екі ел арасындағы келіссөз халықаралық экономикаға біраз өзгеріс алып келуі мүмкін», – деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz