RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп бай-манаптарға салықты көтеруге ниетті

10.05.2025, 15:30 786

Дональд Трамп бай-манаптарға салынатын салықты 39,6% дейін көтермекші. Bloomberg басылымының мәліметі бойынша оны жылына 2,5 млн доллардан аса табыс табатындар төлейді. Осылайша Ақ үй басшысы елдегі экономикалық теңдікті қамтамасыз етпек.

Яғни ауқаттыларға салықтты арттыру арқылы күнкөрісі төмен америкалықтарға жеңілдік жасамақ. Сарапшылардың есебінше, бұл шара АҚШ бюджетіне 10 жылда 67 млрд доллар кіріс әкеледі.

Бір қызығы, Дональд Трамп алғашқы президенттігі кезінде бай бағландарға салықты өсіруге қарсы болып, оның мөлшерін 37% дейін түсірген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz