Женевада баж салығы бойынша АҚШ-Қытай келіссөзі басталды.
Бұл жаһандық экономиканы теңселткен сауда текетіресін тоқтатуға бағытталған алғашқы кездесу болмақ. Құрама Штаттар делегациясын қаржы министрі Скотт Бессент пен сауда бойынша өкілі Джеймисон Грир бастап барған. Қытайдан басқосуға үкімет басшысының орынбасары Хэ Лифэн қатысып жатыр. Сарапшылар тараптар нақты экономикалық мүдделерге сүйенсе, алдағы уақытта халықаралық экономикаға оң өзгеріс алып келуі мүмкін деп отыр. Осыған дейін Президент Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығын азайтуға қарсы емес екенін аңғартты. Ол Қытайға енгізілген тарифтерді 145 пайыздан 80 пайызға дейін төмендетуді ұсынды.
Тегтер #АҚШ #Қытай #баж салығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz