Қытай астанасында технология саласындағы әлем елдерінің соңғы жетістіктерін паш ететін халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Іс-шара биыл осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отыр. Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен 800-ден аса компания қатысып жатыр. Олар қалың бұқара назарына ақпараттық технология, интеллектуалды өндіріс секілді алты негізгі бағыт бойынша инновациялық жобаларын ұсынды. Көрме алаңы 50 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Компаниялар өнімдерін таныстырып қана қоймай, халықаралық нарықта инвесторлармен байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
Тегтер #Бейжің #озық технологиялар #халықаралық көрмеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz