RU
Толық нұсқаға өту

Кашмирдегі базарлар қайта ашылды

12.05.2025, 07:19 440

Үндістан мен Пәкістан арасындағы даулы Джамму және Кашмир аймағындағы жағдай біртіндеп қалпына келіп жатыр.

Тараптар атысты тоқтатып, базарлардың жұмысы қайта жанданды. Енді жергілікті тұрғындар мектепті ашуды сұрап отыр.

Еске салайық, 10 мамырда қос мемлекет АҚШ-тың арағайындығымен соғысты тоқтату туралы келісімге келді. Дегенмен, бірнеше сағаттан соң өңірде қайтадан оқ атылып, бұған тараптар бір-бірін кінәлаған еді. Екі жақ та уәдеге берік екенін айтып, бітімді сақтайтындарын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz