RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда жер сілкінді

12.05.2025, 18:13 591

Қытайда тағы жер сілкінді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жолы зілзала Сицзан автономдық ауданында тіркелді. Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметіне сай жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңдікте болған. Магнитудасы 5,5 дейін жеткен тербеліс елдің оңтүстік-батыс аймағында да сезілді. Шигадзе қаласындағы бірқатар сауда орындары мен дүкендерге зақым келген. Апат ауданына құтқарушылар шұғыл аттандырылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы ақпар жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz