Президент Дональд Трамп тариф бағасын көтергенімен, дәрі-дәрмекті қарапайым халыққа қолжетімді етпекші, деп хабарлайды 24kz.
Ақ үй басшысы осындай жарлыққа қол қоюға ниетті. Заң күшіне енсе, медициналық препараттың бағасы 59%-ке дейін арзандамақ. Оны экспортқа шығарылатын дәрілердің құнын арттыру арқылы жүзеге асыру көзделген. Трамп алғашқы президентігі кезінде де осындай бастама көтерген. Бірақ фармацевтикалық компаниялардың қарсылығына тап болды. АҚШ-та тегін медициналық көмек тек зейнеткерлер мен балаларға ғана көрсетіледі.
Тегтер #Дональд Трамп #ЖарлықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz