Үндістан елдің солтүстігі мен батысындағы 32 әуежайды қайта ашты, деп хабарлайды 24kz.
Олар Пәкістанмен арадағы жағдай ушыққан кезде жабылған болатын. Негізі бұл шектеулер 15 мамырға дейін енгізілген еді. Жаңа шешімді Әуежайларды басқару жөніндегі ұлттық басқарма жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, тараптар атыс-шабыс пен басқа ұрыс-қимылдарын тоқтатуға келіскен.
Тегтер #Үндістан #әуежай #рейстер #Пәкістан #жағдайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz