АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтті. Парсы елінің бір ұйымы мен 3 азаматына шектеу енгізілген. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
Оның айтуынша, жазаға ұшыраған адамдар – Иранның Қорғаныс министрлігі жанындағы Қорғаныс инновациялары мен зерттеулер орталығымен байланысты тұлғалар. Аталған орталық 2004 жылға дейін ядролық қару жасау жөніндегі бағдарламаны іске асырып келген.
Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарламаға қатысты тікелей емес келіссөздердің төртінші кезеңі өткен болатын. Тараптар тағы да кездесуге уағдаласты.
Тегтер #АҚШ Иран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz