Бурятияда ормандағы өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы республиканың Орман шаруашылығы агенттігі хабарлады. Кейінгі мәлімет бойынша ел аумағында 22 өрт ошағы тіркеліп, 53 мың гектар жасыл желек отқа оранған.
Тілсіз жаумен күрес қарқынды жүріп жатыр. Іске дрондар тартылды. Бірақ өртті сөндіруге екпінді жел мен жүріп-тұруға қиындық тудыратын жер бедері – үлкен кедергі. Жалпы бұған дейін 174 өрт болған. Олардың барлығы дерлік отты ұқыпсыз пайдаланудан туындаған.
Тегтер #Бурятия #орман өрті #төтенше жағдай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz