RU
Толық нұсқаға өту

Үндістан АҚШ-қа қарымта тариф енгізеді

13.05.2025, 20:38 587

Үндістан билігі АҚШ-тан келетін 30-ға жуық тауар түріне баж салығын салады.

Бұл америкалықтардың тарифтеріне қарымта ретінде жасалып отыр. 12 наурызда Ақ үй әкімшілігі алдын ала кеңес өткізбестен Үндістаннан экспортталатын болат пен алюминийге 25 пайыз баж салығын салған еді. Нью-Дели Дүниежүзілік сауда ұйымын қарымта тариф туралы ескерткен. Енді 30 күн ішінде тиісті шешім күшіне енуі тиіс. Айта кеткен жөн, АҚШ Үндістанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Былтыр арадағы алыс-беріс 129 миллиард долларға жеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz