Израиль алдағы күндері Газадағы әскери операциясын аяқтауға ниетті, деп хабарлайды 24kz.
Израиль Газа секторының тұрғындарын басқа жаққа көшірумен айналысатын арнайы басқарма құрды. Бірақ өз еркімен кеткен палестиналықтарды қабылдайтын елдер қажет. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Ол сондай-ақ алдағы күндері ХАМАС ұйымын талқандап, Газадағы әскери операцияны аяқтауға ниетті екенін жеткізді. Ал Палестина билігі қарулы қақтығыс аяқталған күннің өзінде өңірді қалпына келтіру үшін 15 жыл кететінін айтады. БҰҰ-ның дерегінше, мұндағы ғимараттардың 90%-і атыс-шабыстан қирап қалған.
Тегтер #Израиль #Газа секторы #әскери операция #Биньямин НетаньяхуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz