RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Газа секторында жаңа әскери операция өткізетінін жариялады

14.05.2025, 14:47 351

Израиль Газа секторында жаңа әскери операция өткізетінін мәлімдеді.

Бұл туралы елдің премьер-министрі айтқан. Биньямин Нетаньяху алдағы шабуылдың мақсаты ХАМАС-ты толығымен күйрету және қалған барлық тұтқынды босату деді. Нетаньяхудың бұл ниетін Біріккен ұлттар ұйымының шұғыл көмек жөніндегі үйлестірушісі сынға алды. Том Флетчер Израильдің әрекеті анклавтағы бейбіт тұрғындардың өміріне тікелей қауіп төндіреді деп айыптаған. Газа секторына 2,5 айдан бері азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауызсу, шатыр сияқты өте қажетті заттар келмей жатыр. Гуманитарлық көмек жеткізетін жолдарды Израиль әдейілеп жауып тастаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz