RU
Толық нұсқаға өту

Өмір сүруге ең қолайлы елдер анықталды

14.05.2025, 17:00 1109

Қазақстан – Орталық Азиядағы өмір сүруге ең қолайлы мемлекет. GEO World журналы жариялаған зерттеу нәтижесі осындай. Адамзат прогресі индексіне негізделген зерттеуге 196 мемлекет кірген. Соның ішінде Қазақстан 70-ші орында.

Сараптама әлем бойынша 250 мыңнан астам адамның сауалнамасына сүйеніп жасалған. Сонымен өмір сүру сапасы бойынша алғашқы үштікте Швейцария, Норвегия және Исландия тұр. Ал Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында көшбасшы орын алған. Өмір сүру сапасы бойынша рейтингте Түрікменстан 96, Өзбекстан 108, Қырғызстан 119, Тәжікстан 128 орында. Рейтинг HPI индексі бойынша жасалған, яғни халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы, өмір сапасы, білім деңгейі, бір адамға шаққандағы жалпы табыс және жұмыс пен өмірге қанағаттану деңгейлері ескерілген. 

Өмір сүру сапасы бойынша әлемдегі ең қолайлы елдер рейтингі

1. Швейцария

2. Норвегия

3. Исландия

70. Қазақстан

93. Түрікменстан 

108. Өзбекстан

119. Қырғызстан

128. Тәжікстан 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz