Израиль әскерінің шабуылынан Газа секторының солтүстігінде бір күнде 70 адам қаза тапты. Арасында балалар мен әйелдер бар. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, соққылар тұрғын үйлер мен босқындар лагеріне жасалған.
Бірақ еврей елінің тарабы әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Израиль премьер-министрі алдағы күндері Газадағы әскери операциясын күшейтетінін ескерткен еді. Сөйтіп палестиналық ХАМАС мүшелерін толығымен талқандайтынын жеткізген.
Тегтер #Газа секторы #Израиль әскері #ХАМАС #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz