RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ делегациясы Ыстамбұлға сапарын 16 мамырға ауыстырды – Reuters

15.05.2025, 07:11 676

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Түркияның Анталия қаласында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті. 

Сибига президент Владимир Зеленскийдің бейбітшілік орнатуға қатысты ұстанымын жеткізген. Рубио алда Ресей-Украина қақтығысын тоқтату мәселесін талқылау үшін НАТО сыртқы істер министрлерінің бейресми басқосуына қатысады. Жалпы Рубио мен президент Дональд Трамптың қос өкілі Стив Уиткофф пен Кит Келлог басқарған АҚШ делегациясы Ыстамбұлға бүгін емес, ертең 16 мамырда баратын болды. "Рейтердің" хабарлауынша, Украина президенті Анкараға келген. 

Кеше Кремль басшысы Владимир Путин Түркияға Ресей тарапынан өзінің кеңесшісі, жоғары дәрежелі дипломат, сондай-ақ жоғары лауазымды әскери және барлау шенеуніктері баратынын хабарлады. Путин шығарған және Кремль веб-сайтында жарияланған бұйрықта делегация құрамында кеңесші Владимир Мединский, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин және Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюковтің бары жазылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz