Газа секторындағы 93 мың балаға аштық қаупі төніп тұр.
БҰҰ-ның өкілдері осылай деп ескертеді. 2 айдан асты Израиль әскері өңірге ұшқан құыс өткізбейді. Гуманитарлық көмекті де кіргізбейді. Жергілікті азық-түлік қоры таусылған. Барлық наубайханалар тоқтап тұр. Халықаралық қауымдастық еврей елінің билігін бақылау-өткізу бекеттерін ашуға шақырады. Израиль билігі болса гуманитарлық жүкті ХАМАС мүшелері сатып, түскен ақшаны әскери операцияларына жұмсайды деген уәж айтады. Бірақ палестиналық ұйым бұны жоққа шығарды.
Тегтер #Газа секторы #аштық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz