Түркияның Ресей мен Украина арасындағы бітімгерлік ролі туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құраладары да жарыса жазып жатыр.
Жалпы бұл келісімнің оң шешімін табуын Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап төрткүл дүние бақылап отыр десек болады.
Anadolu Ajansi: БҰҰ Түркияның Ресей мен Украина арасында бітімгер болуын қолдайды
Түркияның Ресей мен Украина арасына араағайын болуын Біріккен Ұлттар Ұйымы толық қолдайды. Бұл туралы түрік басылымы Анадолу Эдженси жазды. Онда ұйымның баспасөз хатшысы Стефан Дюжарриктің "Түркияның тараптар арасындағы қақтығысты реттеудегі бастамасын әрдайым қолдаймыз" деген мәлімдемесі жазылған. Сондай-ақ, Түркияның ұстанымы ұйым бекіткен талаптарға, халықралық құқық нормаларына сай келетінін атап өткен.
CNN: Түркияның Мәскеу мен Киев арасында бітімгер болуда тәжірибесі бар
Түркия Ресей мен Украина арасында алғаш рет бітімгер болып отырған жоқ. Елдің осыған дейінгі тәжірибесін халықаралық Си Эн Эн басылымы да атап өтті. Түркияның Мәскеу мен Киев арасындағы тиімді одақтас ретіндегі айқын мысал ретінде Қара теңіз арқылы тасымалданатын Астық келісімін тілге тиек етеді. Алайда бұл келісімнен Ресейдің 2023 жылы шыққаны мәлім. Дегенмен Түркия өз ұстанымынан таймай Ресеймен де, Украинамен де дипломатиялық байланысын сақтап қалуы тараптар арасында тиімді одақтас бола алатынын көрсетеді деп жазылған.
Reuters: Д. Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың біржола тоқтағанын қалайды
Ресей мен Украина арасына бітімгер болуды Түркияға АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған болатын. Тараптар арасындағы жағдайды реттеуде Түркияның маңызы жайлы Ақ үй басшысының пікірін халықаралық Рейтерс агенттігі де жазды. Онда Трамптың тараптардың 30 күндік келісімге келуі, қақтығысты толық тоқтатуға жол ашады деген мәлімдемесі негізге алынған.
Тегтер #БАҚ #ресей украина #Келіссөз #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz