RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда Зеленский мен Ердоғанның кездесуі өтіп жатыр

15.05.2025, 17:15 496

Түркияда Владимир Зеленский мен Режеп Тайып Ердоғанның кездесуі басталды, деп хабарлайды 24kz.

Басқосу Анкарада өтіп жатыр. Мұнда ұшып келе салысымен Украина Президенті ары қарай қалай әрекет ететінінін Ердоғанмен кездесуден кейін ғана шешетінін мәлімдеген. Сондай-ақ әуежайда берген сұхбатында АҚШ тарабымен байланысын үзбей отырғанын да айтты.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Біздің делегация мұнда ең жоғары деңгейде келіп отыр. Бұл менің кеңсем, барлау қызметі, сыртқы істер министрлігі. Келіссөздерге Ресей делегациясы қандай деңгейде қатысатынын білмеймін. Бірақ болып жатқан жағдай «көзбаяушылыққа» ұқсап отыр. Біз АҚШ тарабымен үнемі байланыстамыз. Олар да келіссөздерге жоғары деңгейде қатысады деп ойлаймын.

Америкалықтар демекші, қазір Қатарда ресми сапармен жүрген Дональд Трамп қажет болса, Түркияға келуге дайын екенін жеткізді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Қажет болса, мен 16 мамыр Ыстамбұлға барар едім. Бірақ қазір онда келіссөздер жүргізетін адамдар жүр. Ресей мен Украина бір мәмілеге келе алады деп ойлаймын.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz