RU
Толық нұсқаға өту

Иран АҚШ-пен ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол қоюға дайын

15.05.2025, 21:48 379

Иран АҚШ президенті Дональд Трамппен келісімге келіп, ядролық қарудан бас тартуға дайын.

Бұл туралы Иранның рухани жетекшісі- аятолла Әли Хаменеидің саяси және әскери кеңесшісі Әли Шамхани NBC News-ке берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, ресми Тегеран Вашингтонмен ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол қоюға дайын. Оның орнына АҚШ Иранға салған экономикалық санкцияларын алып тастауға тиіс. Бірақ Иран уранды төмен деңгейде байытуды жалғастырып, бұл процесті халықаралық инспекторлардың бақылауына ұсынбақ. Енді Иран көсемі  бұл мәселеге қатысты нақты тоқтамын айтуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz