RU
Толық нұсқаға өту

Грекияда круиз кемесімен келетін туристерге салық салынады

15.05.2025, 22:15 555

Грекияда круиз кемесімен келетін туристерге салық салынады, деп хабарлайды 24kz.

Жолаушылар Миконос және Санториниге түсер кезде 20 еуро, ал басқа аралдарға аяқ басқанда 5 еуро төлеуге тиіс. Бұл туралы Euronews хабарлады. Жаңа салық келесі айда енгізілмек. Бұл ақша айлақтардағы инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Грек үкіметі теңіз арқылы қыдыратын шетелдік саяхатшылар санының күрт артқанын айтады. Бірақ круиз компаниялары бұл шешімді сынға алып жатыр. Олар салық туризмге кері әсер етеді деп есептейді.

Сэнди Вейр, туристік мекеме өкілі:

- Біз бұл салық мөлшерін өте жоғары деп есептейміз. Әлі де болса үкімет біздің жағдайымызды ескереді және салық көлемін өзгертеді деген үмітіміз бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz