Израиль әскері Газа секторының солтүстігіндегі босқындар лагерін атқылап, салдарынан 15 адам көз жұмды. Көбі – әйел мен бала. Еврей елі әзірге бұл шабуылға қатысты еш мәлімдеме жасаған жоқ.
18 наурызда Израиль Газадағы әскери операциясын қайта бастаған еді. Бұл әрекетті өздері палестиналық ХАМАС ұйымына қысым жасап, тұтқындары босатуға мәжбүрлеу деп хабарлаған. Еврей тарапының қарулы күштері алдағы күндері де шабуылды үдетіп, ХАМАС-ты толықтай талқандауға ниетті.
Тегтер #Израиль әскері #Газа секторы #босқындар лагері #ХАМАС #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz