Германия әскерилері кейінгі бір аптада шекараны заңсыз аспақ болған 750-ге жуық адамның жолын кесті. Бұл алдындағы аптамен салыстырғанда 45% көп. Мамандар: «Бұл жергілікті биліктің көші-қон саясатын қатаңдатуының нәтижесі», – дейді.
Таяуда неміс елі шекарадағы әскерилер санын ұлғайтты. Техника да көбейген. Мұның бәрі – заңсыз мигранттар нөпіріне төтеп берудің амалы. Былтыр Германиядан баспана сұрау туралы 237 мың сауал түскен екен. Бұл Еуроодақ бойынша ең үлкен көрсетіш. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өткен жылы елде жасалған әрбір оныншы қылмысқа мигранттардың қатысы болған.
Тегтер #Германия #заңсыз мигранттар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz