RU
Толық нұсқаға өту

Ресей–Украина келіссөзі: екінші күн. LIVE

16.05.2025, 09:20 356

Ыстанбұлда кеше басталуға тиіс Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер болған жоқ. Дауды бейбіт жолмен шешуге тиіс кездесу кейінге шегерілді. Қос тарап бүгін жүздесуі мүмкін. Келіссөз неге кеше болмады? Қазір Түркияға нақты кімдер келді?

Меруерт Қанағат, тілші:

- Біз әлі Долмабахче алаңындамыз. Кеше таңғы 7-ден бастап түнгі 11-ге дейін келіссөздің әні-міне басталады деп күттік. Дегенімен жүзеге аспай қалды. Бүгін Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қайта жалғасуға жақын секілді. Украина тарапы ресми қатысатынын мәлімдеді. Президент Владимир Зеленский тиісті жарлыққа қол қойып, делегацияны Қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқаратынын жариялады. Ресей тарапы кеше қатысатынан растап, Долмабахчеде күтетінін айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың хабарлауынша, келіссөзге америкалық делегация да қатысады, алайда жоғары деңгейде емес. Ал ұйымдастыру жұмыстары Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның бақылауында. Сарапшылар: «Бұл кездесу қақтығысты бейбіт реттеудегі маңызды қадам болуы мүмкін», – дейді. Күн тәртібінде қауіпсіздік, гуманитарлық көмек және деэскалация мәселелері тұр. Дегенмен процестің ұзақ әрі күрделі болатынын ескерткен мамандар жедел нәтиже күтпеуге шақырады. Ресей ешқандай алдын ала шарт қоймай, диалогқа дайын екенін білдірсе, Украина жағы аумақтық мәселелерге байланысты ешқандай ымыраға келмейтінін ашық айтып отыр. Еске сала кетейік, 15 мамырға жоспарланған келіссөздер өтпей қалды. Украин делегациясы келіссөз алаңына келмеген. Ал Ресей делегациясы күні бойы қарсы тарапты күтіп, кешке Түркия СІМ басшысымен кездесу өткізді. Қазір тараптар бүгінгі келіссөзге әзірлік үстінде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz