RU
Толық нұсқаға өту

Йемендегі хуситтер Израильге шабуыл жасады

16.05.2025, 11:10 352

Йемендегі хусит әскері Израильге шабуыл жасады. Олар Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайын зымыранмен атқылаған.

Хуситтердің әскери өкілінің айтуынша, снаряд діттеген жеріне дәл тиіп, әуежай жұмысын 1 сағатқа тоқтатып қойған. Олар: «Бұл Израильдің Газа секторындағы соққыларына қарымта жауап», – дейді. Израиль 18 наурызда Палестина бойынша шабуылдарды қайта бастаған еді.

Яхия Сариа, хуситтердің әскери өкілі:

- Газадағы соғыста күн сайын жазықсыз жандар қырылып жатыр. Палестинаны аштық жайлап алды. Біздің қарулы күштеріміз моралдық және гуманитарлық жауаппкершілікті терең сезінеді. Біз Израильге қарсы шабуылды күшейте береміз. Мұндағы мақсатымыз – олардың басқыншылығын тоқтатып, Палестинаны азат ету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz