RU
Толық нұсқаға өту

Ресей делегациясы Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Долмабахчеге барды

16.05.2025, 15:00 372

Ресей делегациясы Ыстанбұлдағы Долмабахче президент кеңсесіне келді. Мұнда ресми Мәскеу мен Украина арасында келіссөздер басталу керек.

Ресей тарабы кеше таңнан бері Украина жағын күтіп отырғандарын мәлімдеген. Бірақ Владимир Зеленский Түркия президентімен кездесуден кейін ғана Ыстанбұлға өз делегациясын жіберу шешімін қабылдады. Ол Ресей делегациясының деңгейіне көңілі толмайтынын айтқан. Десе де АҚШ және Түркия президенттеріне құрмет ретінде келіссөздерге қатысушыларды жіберетінін мәлімдеген. Ал бүгін сәл ертерек Ыстанбұлда Украина, Түркия мен АҚШ өкілдерінің келіссөздері аяқталды. Долмабахчедегі президент кеңсесіндегі кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылған. Оған Украина президенті кеңсесінің басшысы және сыртқы істер министрі, Түркияның сыртқы істер министрі, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы және Украина бойынша арнайы өкілі қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша мәлімдемелер әлі жасалған жоқ. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz