АҚШ-тың Миссури штатында торнадо соғып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
Қазір Сент-Луис қаласында жағдай қиын. Дүлей дауылдан 5 мыңға жуық үйдің қабырғасы сөгіліп, электр желілері үзілген. CBS телеарнасының хабарлауынша, жел екпіні сағатына 120 шақырымға дейін жеткен. Құлаған ағаштар мен бағдаршамдар жолда үлкен кептеліс туғызды. АҚШ-тың Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, мұндай торнадо елде жыл сайын 800 рет соғады.
Тегтер #АҚШ #торнадо #Миссури штаты #дүлей дауылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz