RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Украина-Ресей келіссөздеріне қатысты пікір білдірді

17.05.2025, 19:40 519

Дональд Трамп Түркияда өткен Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысты пікір білдірді. Ақ үй басшысы Fox News телеарнасына берген сұхбатында бұл жанжалды тоқтатуға мүмкіндігі бар екенін айтып, Ресей басшысы Владимир Путинмен келісімге келуге ниетті екенін айтты. Дегенмен дипломатиялық әрекеттер нәтиже бермесе, Трамп Ресейге қарсы экономикалық қысым жасауға, оның ішінде мұнай экспортына және оны сатып алатын елдерге санкция енгізуге дайын екенін де жасырмады.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Менің Владимир Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы. Біз келісімге келеміз деп ойлаймын. Біз кездесуге тиіспіз, өйткені мен бұл бітпейтін келіссөздерден шаршадым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz