Тайвань парламенті атом электр станцияларының қызмет ету мерзімін 40 жылдан 60 жылға дейін ұзартпақ.
Бұл шешім жасанды интеллектінің дамуы мен деректер орталықтарының көбеюіне байланысты электр қуатының жетіспеушілігі қаупі туындаған кезде қабылданды. Айта кетейік, осыған дейін Тайвань АЭС-терден бас тарту саясатын ұстанған еді. 2016 жылдан бері жұмыс істеп тұрған реакторлар біртіндеп өз жұмысын тоқтатты. Бұған дейін елдегі соңғы реактор 40 жылдық қызмет мерзімі аяқталған соң өшірілген еді. Ол халықтың шамамен 3%-ын энергиямен қамтамасыз етіп келген. Сарапшылардың пікірінше, реакторларды қайта іске қосу мүмкін, бірақ ол техникалық және құқықтық сараптамадан кейін ғана жүзеге асады. Талдаушылардың бағалауы бойынша, бұл процесс төрт жылға дейін созылуы мүмкін.
Тегтер #24KZ #Тайвань #АЭСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz