АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі алдағы екі жылда қызметкерлер санын 10%-ға қысқартуды жоспарлап отыр.
Бұл шамамен екі жарым мың адам. Бұл туралы ұйым төрағасы Джером Пауэлл мәлімдеді. Бұл шешім Дональд Трамп әкімшілігінің мемлекеттік шығындарды оңтайландыруды талап еткен қысымының аясында қабылданды. Bloomberg басылымының жазуынша, қысқартулар ең алдымен зейнет жасына жақын қызметкерлерге қатысты болады. Қайта құрылымдау бағдарламасы ұйымның барлық бөлімдерін қамтиды, оның ішінде Вашингтондағы Басқарушылар кеңесі мен 12 өңірлік банкті де қамтиды. Айта кетейік, АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі іс жүзінде орталық банк ретінде жұмыс істейді және шамамен 24 мың қызметкері бар.
Тегтер #АҚШ #ФРЖ #қызметкер #Джером Пауэлл #трейдерлер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz