"Туған елінен бас сауғалап, жер бетінде тарыдай шашыраған мигранттардың ар-намысы сақталып, құқықтары қорғалуы керек."
Әлем дипломаттарына алғашқы сөзін арнаған Рим Папасы Лео осылай деп мәлімдеді. Сарапшылар тегі американдық жаңа Рим папасы осылайша мигранттарға қарсы майдан ашқан Ақ үй басшысы Дональд Трамптың саясатына қарсы келіп отыр дейді.
Лео, Рим папасы XIV:
"Менің өзімнің өмірлік тәжірибем Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка мен Еуропаны қамтиды. Шекаралардан асып, түрлі халықтар мен мәдениеттерді көрдім. Қазіргідей алмағайып кезеңде Қасиетті Тақ қақтығыстар мен әділетсіздіктерге көз жұмып, қол қусырып, қарап отыра алмайды. Әсіресе бұл ең үлкен қасіретті басынан кешіріп жатқан Украина мен Қасиетті жерге қатысты."
Тегтер #Рим Папасы #мигрант #Трамп #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz