RU
Толық нұсқаға өту

Калифорнияда жарылыстан бір адам қаза тапты

18.05.2025, 14:00 414

Калифорния штатының Палм-Спрингс қаласындағы бедеулікке қарсы емдеу орталығы жанында көлік жарылып, бір адам қаза тауып, төрт  адам жарақат алды.

АҚШ-тың  Федералды тергеу бюросы  бұл оқиғаны “қасақана жасалған террорлық әрекет” деп сипаттады. Олардың айтуынша Лос-Анжелестің шығысындағы ауқатты аудандағы клиника таңғы сағат 11 шамасында   арнайы нысанаға алынған. Оқыс жағдай салдарынан маңайындағы ғимараттарға да зақым келген. Әзірге жарылыстың себебі мен мақсаты, қаза тапқан кісінің кім екені жарияланбады. Алайда күдікті өзін өзі жарып жіберуі мүмкін деген жорамал алға тартылып отыр. Сондай-ақ жарылыстың интернетте тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін деген  болжам  да тексеріліп жатыр. Себебі оқиға орнынан бейне трансляцияға арналған құрылғылар табылған. Қазір онда арнайы тергеу тобы тексеріс жүргізіп жатыр. Абырой болғанда, клиникадағы мамандар мен репродуктивті ағза материалдары аман қалған.

Акил Дэвис, Федералды тергеу бюросының Лос-Анджелестегі бөлімшесінің жауапты басшысы:

- Бұл әдейі жасалған террорлық әрекет. Қазір федералдық бюроның терроризмге қарсы біріккен арнайы тобы Палм-Спрингс полициясымен, сондай-ақ алкоголь, темекі, атыс қаруы және жарылғыш заттар жөніндегі агенттіктермен тығыз жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында біздің жарылғыш заттар бойынша мамандарымыз жұмыс жүргізіп, жарылыстың шығу тегін анықтауға  бар күшін салады. Қазір қаза тапқан адамның жеке басын анықтап жатырмыз. Тергеудің құпиялылығын сақтау үшін әзірге жарияламай отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz