Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінің солтүстік-шығысындағы Билефельд қаласында белгісіз ер адам барға келушілерге пышақпен шабуыл жасаған.
DW басылымының жазуынша, оқиға 18 мамырға қараған түні болған.
Жергілікті прокуратура мен полицияның мәліметінше, кемінде бес адам жарақат алған, олардың үшеуінің жағдайы ауыр. Бірлескен мәлімдемеде басқа да зардап шеккендер болуы мүмкін екені айтылады.
«Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция бар маңынан бірнеше пышақ тапты. Күдікті ер адам іздестірілуде», - делінген материалда.
Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес ол қарулы болуы мүмкін.
Қазіргі таңда шабуылдаушының қандай мақсатпен әрекет еткені белгісіз. Билефельд прокуратурасы тергеуді өз қолына алған. «Оқиғаның мән-жайын анықтау және күдіктіні іздеу жұмыстары толық қарқынмен жүріп жатыр», - делінген мәлімдемеде.
Тегтер #Германия #ер адам #пышақпен шабуыл #полицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz