Израиль үкіметі Газа секторына азық-түліктің негізгі көлемін жеткізуге рұқсат берді. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің кеңсесі хабарлады.
Олардың айтуынша, ресми Тель-Авив Израиль әскерінің ұсынысымен, сондай-ақ ХАМАС қозғалысына қарсы қайта басталған әскери шабуылды қолдау мақсатында осы шешімге келген. Гуманитарлық шара Израиль әскері Газаның барлық аумағында кең ауқымды жерүсті операциясын бастағаннан кейін бірнеше сағаттан соң жарияланды. Израиль армиясы бұған дейін Газадағы бірнеше медициналық нысанды атқылады. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, кейінгі бір тәулікте 67 адам қаза тауып, 400-ге жуық адамның жарақат алған.
Тегтер #Израиль #Газа секторы #азық түлік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz